Суретші Алаш арыстарының бейнесін ұрпақ санасына «шегелеп» сіңірмек
Алматылық шебер Алаш қайраткерлерінің суретін шегемен салып, көрме ұйымдастырмақ. Бұл шараның мақсаты – қазақтың ірі тұлғаларын келешек ұрпаққа таныстырып, дәріптеу. Көрменің алғашқы туындысы Әлихан Бөкейхановқа арналып отыр. Алдағы уақытта тағы осындай 29 сурет салынбақ.
Автор: Аида Мағыпар
27.07.2017
Әлихан Бөкейхановтың бейнесі пуантализм әдісімен жасалған. Оны жасауға 1500 шеге кетіпті. 5 күн ішінде жасалған сурет көздің жауын алады. Авторы Азамат Әнуарбектің айтуынша, көрме қараша айынан бастап жұмыс істемек. Әзірге оны Астана, Семей, Алматы қалаларында өткізу жоспарлануда. Көрменің тағы бір ерекшелігі – ол жылжымалы болмақ.
Азамат Әнуарбек, шебер:
-Көрменің бір қызық жері көрермен көрмені іздемейді, біз көрермендерді іздейміз. Яғни ол сауда орталықтарында, вокзалдарда ,арбаттарда,жоғары оқу орындарына.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!