Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер лаңкестікке қарсы операция кезінде қамалуы мүмкін
Мысырда қамалған қазақстандық студенттер лаңкестікке қарсы операция шеңберінде ұсталуы ықтимал. Себебі, Араб елдеріне кез-келген білім іздеп барған шетелдік студент сол мемлекеттің арнайы қызметінің бақылауына алынатын көрінеді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
27.07.2017
Ал Мысырға тіл үйренуге кетіп, сондағы құзырлы орындардың қолына түсіп қалған қазақстандық алты студенттің қайда ұсталып отырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Жас жігіттерді тәртіп сақшылары үйлерінен алып кеткен. Олармен байланыс шілденің жиырмасында үзілді. Студенттермен туған-туысқандары түгілі, еліміздің консулымыз жүздесе алмай жүр. Мысыр ресми билігі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өтінішіне жауап та қатпаған. Сондықтан бұл құпиялықтың бір мәні бар сияқты.
Бақытжан Құлекеев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі:
- Жалпы Араб елдерінің көбінде тіл үйрететін курс болсын, нақты дін үйрететін курс болсын, оның барлығында дінге жақындығы бар. Сондықтан екі жақтан да қауіп-қатерлер туындайды. Біріншіден, радикалдық идеологтардың ықпалына түсу қаупі бар, екіншіден құқық қорғау органдарының қолына түсу қаупі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!