{metadescription}
Қызылордада газдан уланған тағы бір жұмысшы көз жұмды
Қызылордада газдан уланған тағы бір жұмысшы көз жұмды

Қызылордада газдан уланған тағы бір жұмысшы көз жұмды

Қызылордадағы кәріз сорғысы станциясында болған апат салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Әріптесін құтқарамын деп, құбырға түскен 34 жастағы жұмысшы бүгін ауруханада көз жұмған.

Оқыс оқиға кеше болған еді. Оған мезгілсіз жіберілген улы газ себеп екні айтылуда. Соған шыдамаған жұмысшылардың бірі құбырға құлап кетіпті. Ал қалған 11 адам соны құтқармақ болған екен. Бірақ бірінің артынан бірі құбырға құлап, 2 адам оқиға орнында тіл тарпай кеткен болатын. Уланған тағы бір жұмысшы көп ұзамай ауруханада қайтыс болды. Ал бүгін төтенше жағдайдан көз жұмғандар саны 4 адамға жетті. Зардап шегушілердің тағы біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның да жағдайы мүшкіл екенін айтуда. Ал қалған 7 адамға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Қазір осы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның нақты себебі анықталып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде