Апатқа ұшыраған ЯК-12 ұшағының техникалық ақауы болмаған
Біздің тілшіміз Асыл Әділханұлы қазір сол ұшақ апаты болған Шолақай ауылынан тікелей байланысқа шыққалы тұр. Оқиға туралы толығырақ баяндауға дайын. Қайырлы кеш, Асыл!
Автор: Асыл Әділханұлы
27.07.2017
Асыл Әділханұлы, тілші:
-Қайырлы кеш, Ерлан!
-Асыл, ұшақ апаты жайлы тағы қандай мәліметтер бар? Соңғы жаңалықтармен бөліссең.
Асыл Әділханұлы, тілші:
-Иә, Ерлан, мен қазір Алматы облысы, Жаркент қаласынан бірнеше шақырым жердегі Шолақай ауылының дәл орталығында тұрмын. Қайғылы оқиға осы жерде болған.
Таңғы сағат 9-дар шамасында ауыл тұрғындары жүгері алқабын дәрілеуге кеткен ұшақтың жербауырлап барып құлағанын көрген. Тіпті кей жастар ұшаққа жақынырақ барып, ішіндегі адамдарды құтқармақ болыпты. Бірақ әуе көлігі лезде түтіндеп, жаңа бастаған. Кейін жарылыс болған. Ұшақта 54 жастағы Хамит Ақбергенов есімді ұшқын және 39 жастағы шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов отырыпты. Екеуі де қаза тапты.
- Ал ұшақтың өзі қолдануға қаншалықты жарамды болған?
Ресми мәліметтер бойынша, қираған ұшақ 1963 жылы құрастырылған. 2016 жылдың қараша айында толық сертификаттаудан өтіп, техникалық мүмкіндігі 2017 жылдың қараша айына дейін толық жарамды деп танылған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған. Ал ұшақтың өзі «ҚазАвиа» әуе компаниясына тиесілі екен. Қазір аталған компания басшылығы түгел осында жүр. Олар зардап шеккен отбасыларға барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!