{metadescription}
Отандық өнерпаздардың «Авторлық құқық туралы» заңға көңілдері толмайды
Отандық өнерпаздардың «Авторлық құқық туралы» заңға көңілдері толмайды

Отандық өнерпаздардың «Авторлық құқық туралы» заңға көңілдері толмайды

Ақын-композиторлар қаптаған авторлар қоғамына заңмен тұсау салмақшы. Сол үшін Парламентке ұсыныс жасап, заңға өзгерту енгізуді көздеп отыр. Айтуларынша, елімізде онға жуық авторлық қоғам бар. Бірақ солардың барлығы бірдей өнер иелерімен келісім жасамайды, қаламақысын да төлемейді. Бірақ мұны мойындамаған ұйым басшылары мәселені заңмен шешуден қашпаймыз дейді.

Бас қосып жиын өткізген бұл ақын-композиторлардың айтары бір. Еңбегіміз талан-таражға түсіп жатыр деген олар еліміздегі қаптап кеткен авторлар қоғамының санын қысқартуды ұсынады. Бұрын жалғыз Қазақстан авторлар қоғамы болса, бүгінде ондай ұйымдардың саны бірнешеу.

Қалдыбек Құрманәлі, композитор:

- Төрт қоғам әрқайсында екі-екіден құқығы бар, 8 қоғам боп тұр ғой. Анау айтады, мен ақшаңды жинаған жоқпын дейді, анау мен жинаған жоқпын деп. Бұл жерде былайша айтқанда әркім жеке-жеке қалтасын ойлап отырған жағдай ғой. Сонда былай келгенде авторлар құқы бұзылып жатыр, авторлардың қаламақысы талан-таражға түсіп жатыр.

Құқық иелері сол бірнеше авторлар қоғамының ішінде тек біреуінен ғана қаламақы алады екен. Ол – Қазақстан авторлар қоғамы. Одан өзгелері бізбен келісім-шарт жасаспайды дейді өнер иелері.

Владимир Питерцев, композитор:

- Бұл авторлар қоғамы менімен де, менімен бірге жұмыс істеген ақындармен де ешқандай келісімге отырмаған. Ақшамызды азғантай көлемде тек Қазақстан авторлар қоғамынан аламыз. Ал басқалары бағаның шекті мөлшерін әлдеқайда төмендетіп, мекемелермен келісім жасап, өздеріне ғана пайда түсіріп отырады.

Авторлармен 7 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Абырой» авторлық қоғамы бұл айтылғандармен келіспейді. Бүгінде қатарына 800-дей автор жинап алған ұйымдағылар өз қызметін заң аясында жүргізіп отырғанын айтады. Ал еліміздегі осындай бірлестіктердің санын қысқарту мәселесі заңға қайшы дейді.

Азамат Тілеужанов, «Абырой» авторлар қоғамының бас директоры:

- Бұл еліміздің заңдарына қайшы келеді. «Абыройды» кезінде Қазақстан авторлар қоғамынан шығып кеткен беделді авторлар құрған болатын. Елімізде нақты жұмыс істеп тұрған осындай 7 қоғам бар. Яғни құқық иелерінде таңдау мүмкіндігі болуы керек. Кімге қайсысы қолайлы – соған барып тіркеледі.

Мәселені мұнша күрделендіріп отырған «Авторлық құқық туралы» заңның 46-бабы екен. Заңға сәйкес, 10-15 адам бас құрап, аккредитациядан өтсе, Қазақстан авторларының да, бүкіл дүние жүзі авторларының да қаламақысын жинай беруге құқылы болады.

Мұнымен келіспеген өнер қайраткерлері қаламақыға шүйліккен қаптаған ұйымдардың санын қысқартуға күш салмақшы. Сөйтіп, заңның дәл осы бабына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс жасау үшін Парламенттің кезекті шақырылымын сарыла күтіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде