{metadescription}
Бурабайдағы баспана үшін күрес
Бурабайдағы баспана үшін күрес

Бурабайдағы баспана үшін күрес

Бурабайда көпқабатты бірнеше үйдің  сүрілуіне  тұрғындары үзілді-кесілді қарсы. Табиғаты тамылжыған аймақтағы пәтерлерінде 30 жылдан бері алаңсыз тұрып жатқан олар, баспаналарын қандай жағдайда да тастамаймыз деп отыр. Бір қызығы, жергілікті басшылық «Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту» бағдарламасы бойынша жол салу үшін бұған дейін осы маңдағы басқа үйлердің сүрілетінін айтқан. Енді бурабайлықтар бас жоспар аз уақытта қалайша өзгере қалды деп аң-таң.

Қарағайы көкке бойлаған Бурабайдың нағыз саялы жерінде тұратын халық үшін бұл хабар көктен жай түсіргендей болды. Кеңес дәуірінің ыдырар алдында салынған бұл аймақтағы ең соңғы  құрылыс осы еді дейді тұрғындар. Негізінен мұнда сол уақытта қоныс тепкен пәтерлердің алғашқы қожайындары тұрады. Саналы ғұмырларын осы кентті көркейтуге жұмсапты. Көпшілігі зейнет жасында. Енді үйімізден қуып жатыр деп өкпелі.

Сапия Елубаева, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Мынау Бурабай не болып барады? Мен өмірімді осында туып өскем. Көлдің бәрі загорожен. Осында тұрып көлге де бара алмаймыз. Бұны кім, қандай әкимат қандай не болып жатыр? Қуып жатыр еще міне. Мына үйден кетеміз деп. Бұл не сұмдық!

Бүгін әкімдіктегілер 3 бірдей тұрғын үйдің сүрілетінін, пәтерлерге бағалаушылар келетінін ескертпек болған. Олар осыдан бір ай бұрын көрші үйлерге де осындай хабар айтқан. Енді аяқ астынан ол жоспарлары өзгеріпті. Ал тұрғындар бас жоспар өзгере бере ме деп аңаң.

Владимир Башкин, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Алғашқыда мына екі үй сүрілетінін айтты. Оларға ескертті де. Енді бізге келіп тұр. Мына есік алдында әсем тау, ағаш бар. Сонда бас жоспарда ол ескертілмей ме? Бізді көшіріп,тауды да лақтырып жібере ме?

Дәл осы жерде 9 қабатты сақалды құрылыс тұр.Тұрғындар 15 жылдан бері бірнеше адам суицид жасаған осы нысанның көзін неге жоймайды деп отыр. Бірақ бас жоспарда ол жоқ. Курортты аймақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін дәл осы тұрғындардың үйлері таңдалыпты.

Сайлау Магнаев, Бурабай аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-План развитие ЩБКЗ курортный зоны деген бар бағдарлама. Сол бағдарлама бойынша жол салынат. Жол салу үшін мында бос жер жоқ. Кейбір үйлер мен басқа құрылыстарды үкімет мұқтажы үшін алу керек.

Үкімет мұқтажы үшін үйлер бұзылады, тұрғындар өтемақы алады. Ал табиғатқа зиян келтірмеуге тырысамыз дейді шенеунік. Бұл жерге ұзындығы 2 шақырым 653 метр жол салынбақ. Жолдың енін 30 метрге дейін жеткізу жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.