{metadescription}
Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің пәтерақысын төлеуден бас тартты
Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің пәтерақысын төлеуден бас тартты

Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің пәтерақысын төлеуден бас тартты

Қорғаныс министрлігі Қазақстан ипотекалық компаниясымен арадағы келісім-шартын бұзып жатқанын ресми мәлімдеді. Енді Алматы әскери гарнизонының жүзден аса қызметкері жалға алған пәтерлерінің ақысын өздері төлеуі тиіс.

Әрсен Шәріпов, ҚР Қорғаныс министрлігі әскерилерді пәтермен қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы:

- Қазіргі уақытта Қазақстан ипотекалық компаниясымен арадағы келісім-шартты бұзу туралы келісімге қол қою процесі басталып кетті. Бұған әскери қызметкерлер де қол қоюы тиіс. Одан әрі әскерилер мен компания арасында екіжақты келісім-шарт жасалуы керек.

Яғни «Ақкент» ықшамауданына қоныс тепкен 102 отбасы ипотекалық компанияға өз қалтасынан төлеп тұратын болады. Алайда 60-70 мың жалақымен отырғандар айына 200 мың теңге төлеуге шамалары келмейтінін ашық айтып отыр. Айта кетейік, 2014 жылы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан ипотекалық компаниясы және Алматы әскери гарнизонының қызметкерлері үшжақты келісімге отырған. Келісім бойынша, 102 отбасы «Ақкент» ықшамауданынан пәтер алып, ал ақысын министрлік төлеп тұратын болған. Бірақ өткен жылдың желтоқсан айынан бері бір тиын төленбегені жақында ғана белгілі болыпты. Келісім-шартты бұзған Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскерилерге өтемақы төленетінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.