Өзбекстан Президентінің қызы қамалды
Билік кетіп, бақ тайды. Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімоваға қатысты ел прокуратурасы ресми айыбын жариялады. Алты бапқа бөлінген айыптаулардың ішінде алаяқтық, валюта жасыру, кәсіпкерлік тәртібін бұзу, жалған құжат пен мөр жасау, оны қолдану және қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастыру бар.
Автор: Азамат Алдоңғаров
28.07.2017
Қазір Кәрімова қамауда отыр. Оған қарсы дәлел бір кездері жақтастары болған қылмыстық топ мүшелерінің, жәбірленішуліредің, куәгерлердің сөзіне негізделіп, сараптама қортындыларымен бекітілген дейді Өзбекстан бас прокуратурасының өкілдері. Президенттің қызы қылмыскерлермен бірігіп кәсіпкерлерден ақша бопсалап, қымбат мүліктерін тартып алудан да тайынбаған. 45 жастағы әйелдің АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Біріккен Араб әмірліктері, Испания, бас аяғы 13 мемлекеттегі элиталық жылжымайтын мүліктері мен қыруар қаржысына тыйым салынды. Гүлнәр Кәрімова мемлекет пен халқына 3 триллион 747 миллиард өзбек сумы көлемінде шығын келтірген. Тәргеу әлі де жалғасып жатыр. Өзбекстан билігі оның шет мемлекеттердегі барлық мүлкін анықтап, елге қайтаруға бекініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!