Мысырдағы қазақ студенттерінің ісін министр қолға алды
Каирде қамауға алынған отандастарымызды қорғауға еліміздің Сыртқы істер министрінің өзі кірісті. Қайрат Әбдірахманов бүгін мысырлық әріптесі Самех Шукримен сөйлесіп, абақтыда отырған студенттеріміз жайлы ақпарат алуға тырысты. Бірақ, нәтижесіз. Өйткені, ондағы дипломаттар да отандастарымыздың қолына не үшін кісен салынғанын білмейді екен. Бірақ тез арада мән-жайды анықтап беруге уәде етті. Айта кетейік, Каирге Араб тіл үйрену үшін барған алты отандасымыз сегіз күн бұрын Мысырдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері қамауға алған болатын. Сыртқы істер министрлігі әзірге олардың екеуінің аты-жөнін...
Автор: Досжан Маратұлы
28.07.2017
ады. Олар Қанат Берік пен Еламан Жазылхан. Ал, Студеттерді не үшін ұстады және алты бірдей отандасымыз қандай күйде, ол жағы әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!