«Ironman» сайысы келесі жылы Қазақстанда өтеді
Дүниежүзі бойынша триатлоннан «Ironman» сайысы келесі жылы Қазақстанда өтеді. Әлемге әйгілі жарыстың елімізде ұйымдастырылуына WTC ұйымының өзі қолдау көрсетпек. Бұл туралы Қазақстан триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
Автор: Жәудір Оразхан
31.07.2017
Кәрім Мәсімов, ҰҚК төрағасы, Қазақстан триатлон федерациясының президенті:
-Біз WTC ұйымымен Астанада «Ironman» сериясының стартаптарын ұйымдасытру туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойдық. Келесі жылы елімізде алғаш рет «Ironman» Astana сайысы өтеді. Бұл - баршамыздың бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесіміз.
Ал бұл жолы Астанада триатлоннан Азия кубогы бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Оған 200 спортшы қатысқан. Олардың арасында әуесқой, кәсіби спортшылар бар. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, кәсіпкер Айдын Рахымбаев және Ресей, Қырғызстан, Украина спортшылары да бақ сынады. Триатлоннан Қазақстан чемпионатының биылғы талабы бойынша қатысушы екі шақырым қашықтықта жүзіп өтіп, велосипедпен 90 шақырым жүріп, 21 шақырым жүгіруі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!