Өрт сөндірушілердің кінәсынан Шымкент көшесін су басты
Шымкенттің орталығында биіктігі бес қабатты үймен тең субұрқақ тұтас көшені көл етті. Бірнеше сағат толассыз атқылаған судан жақын маңдағы аулаларды да су басып, көлік қозғалысы қиындады. Апатқа өрт сөндірушілердің салғырттығы себеп болған. Гидранттан көлігіне су құйған олар өрт сөндіруге асығамын деп қондырғыны түбімен жұлып кетіпті. Бой бермеген бұрқақ су арнасы қызметінің араласуымен түн ортасында әрең тоқтатылды. Апатты жөндеуге орталық су беру жүйесі бекітілгендіктен, қаланың бірнеше көшесінің тұрғындары тіршілік нәрінен қағылды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
31.07.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
07 ақпан
Серіктестер жаңалықтары