Венесуэлада сайлау қанды қырғынмен аяқталды
Венесуэлада конституциялық ассамблея сайлауы қанды қырғынмен аяқталды. Опозиция өкілдері мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыстан 11 адам қаза тауып, он шақтысы жараланса, тағы жүзден астам тұрғын түрмеге қамалды.
Автор: Асыл Әділханұлы
31.07.2017
Қаза тапқандардың арасында ұлттық гвардия қызметкері мен кәмілеттік жасқа толмаған балалар бар. Осындай қырғынға қарамастан, сайлау қорытындылары айтылуда. Венесуэла президенті билік тарапынан саяси додаға түскендердің жеңіске жеткенін мәлімдеп отыр. Ал оппозиция сайлаудың әділ өтпегенін және оған 15 пайыз сайлаушылардың ғана қатысқанын айтты. Сондай-ақ, көптеген мемлекеттік қызметкерлер дауыс беруге мәжбүрлі түрде барған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!