{metadescription}
Алматы зообағының аңдарын адамдардан қорғайды
Алматы зообағының аңдарын адамдардан қорғайды

Алматы зообағының аңдарын адамдардан қорғайды

Алматы зообағында бірталай өзгерістер болып жатыр! Енді онда тәртіп бұзушылар  жануарларға қарсы әрекет жасай алмайды. Себебі, мұндағы ескі темір торлар қазір заманауи әйнектерге ауыстырылуда. Бірнеше жануарлар жаңа орындарға ауыстырылып үлгерген. Сонымен қатар, хайуанаттар бағы толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталды.

Бұған дейін, бір азамат осы аюдың басына  тас лақтырып, жұрттың наразылығын тудырған еді. Одан гөрі батылдау біреу тіпті арыстанды мазалаған. Алматы зообағында осындай жағдайлар қайталанбауы үшін өзгерістер болып жатыр. Аз уақыт ішінде ақтөс аюлар жаңа жерге ауыстырылды. Келушілер енді аңдарды 3 қабатты әйнек арқылы көре алады. Жоба авторының айтуынша, жаңа қоршау жануарлар үшін ыңғайлы әрі  қауіпсіз.

Сергей Спицын, жоба авторы:

-Әлемдегі зообақтар сияқты қылып жасауға тырыстық. Оның жобасын тағы бір автор Питер Розбахпен бірігіп жасадық. Көпке дейін ақылдасып, 3 қаббатты әйнек орнату керек деп шештік.

Зообақ басшысы, төрт аяқтыларды екі аяқтылардан қорғау керек деп отыр. Себебі, бір ай ішінде жануарларға дөрекілік көрсеткен адамдар жетіп артылады. Енді сондайлар төбе көрсетсе, оларды бірден полицияға табыстамақ. Ал аңдардың тыныштығын күзетшілер мен дыбыс өткізбейтін қоршау қорғамақ.

Ержан Еркінбаев, Алматы хайуанаттар бағының директоры:

-Темір торды, әйнекке ауыстырып, адам мен жануар арасындағы қашықтықты сақтаймыз. Қазір зообақ кәсіби агенттіктің қорғауында. Сонымен қатар, алғаш рет хайуанаттар бағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Алдағы уақытта дәл осындай қоршаулар жолбарыстар мен қасқырларға да жасалмақ. Яғни бұл – өзгерістің басы ғана.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде