{metadescription}
Көшеде көкпар тартқандарды полиция іздестіріп жатыр
Көшеде көкпар тартқандарды полиция іздестіріп жатыр

Көшеде көкпар тартқандарды полиция іздестіріп жатыр

Алматы облысында  жол үстінде көкпар тартқан шабандоздар атымен көліктің үстіне бір-ақ шықты. Салдарынан машинаның капоты майысып, алдыңғы әйнегі сынып кеткен. Енді автокөлік иесі келтірілген шығынды кімнен дауларын білмей дал.Әлеуметтік желіде бір топ жігіттің осылай жол үстінде көкпар тартқан видеосы пайда болды. Оқиға Қарғалы елді мекенінде болыпты. Серкеге таласқан көкпаршылар жол шетіне тоқтаған көлікті зақымдаса да, оған назар аудармай, ойындарын жалғастыра берген. Ал көлік иесіне келтірілген шығынды кім өтейтіні әзірге белгісіз. Ал полициядағылар бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіп...

тыр.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:

-Қазіргі кезде интернет желісінде жарияланған  видео материалды өзіміз тексеріп жатырмыз. Аталған оқиға Қарасай аудандық полициясында тіркеліп отыр. Қазіргі күні бұл оқиға ға қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кінәсі бар тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде