{metadescription}
Бір жасар сәбидің басына қураған тал құлап мерт болды
Бір жасар сәбидің басына қураған тал құлап мерт болды

Бір жасар сәбидің басына қураған тал құлап мерт болды

Кәрі ағаш сәбидің өліміне себеп болды! Алматы облысында кепкен талдың бұтағы 1 жасар баланың үстіне құлап кеткен. Қарағаш анасының қолында келе жатқан нәрестенің тура басына түсіпті. Салдарынан, ол бірден есінен танып, ауруханадағы жан сақтау бөлімінде шетінеген. Қара жамылған ата-ана ақ халаттыларды да, жасыл желекке жауаптыларды да кінәлап отыр. Айтуларынша, ауруханада бір дәрігерді 4 сағат күткендіктен, баланың жағдайы нашарлап кеткен. Ал ағаш кескіштер өз жұмысына немқұрайлы қарамағанда мұндай болмас па еді дейді олар.

Қайғылы оқиға өткен сейсенбіде болған. Ал, 1 жасар бүлдіршіннің өліміне мына кәрі ағаш себеп болыпты. Баласын көтерген ана осы маңнан өтіп бара жатқан кезде, жоғарыдан талдың бұтағы құлаған. Әрі ол әдейі көздегендей, баланың басына түсіпті.

Сол күні Қайрат пен Әйгерім кешкі серуеннен қайтып келе жатыпты. Ал оқыс жағдай үйіне санаулы қадам қалғанда болған.

Қайрат Ғабиден, сәбидің әкесі:

- Бұтақтың ұзындығы 1 метрдей и жуандығы мынадай. Ана бұтақ құласа ол не то что 1 жастағы бала, ол үлкен адамның өзін өлтіріп тастайды. Қалай құласа да, жанымен, тік құласа да.

Содан сәби дауыс шығармастан, талып қалған. Ал абдырап қалған ата-ана жақын жердегі дәріханаға барып, көмек сұрапты.

Анастасия Анушкевич, куәгер:

- Ата-анасы маған жүгіріп келді. Балаға қарасам, қозғалмай жатыр екен. Өзім көмектесе алмасымды білдім. Сөйтіп, далада тұрған бейтаныс жігіттердің көлігіне отырғызып, ауруханаға жібердім.

Сөйтіп, 1 жасар Аңсар жан сақтау бөліміне түскен. Тек нейрохирургті тым ұзақ күтуге тура келіпті. Қамкөңіл ана ол дер кезінде келгенде, балам аман қалар ма еді деп отыр.

Әйгерім Ғазиз, сәбидің анасы:

- Дәрігер жоқ көмектесетін нейрохирург. Қаладан 3 сағаттың ішінде тосу керек деді. Врач келді. Біраз тағы күттік, сосын шақырды. Когда врач келгенде давление уже начала падать.

Ақыры талдың бұтағы басына құлаған баланың жағдайы нашарлап, ауруханада көз жұмған. Ал дәрігерлер қолдан келгенімізді жасадық деп отыр. Бірақ Аңсар Ғабиденнің жарақаты тым ауыр болған.

Ербол Сәрсенбаев, Қарасай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

- Енді сондай қатты жарақат алған. Нейрохирург уақытында келіп, операцияға келмейді деп заключение қалдырып кетті.

Ал Қаскелеңдегі кәрі ағаштарды жеке компания бақылайды екен. Бұған дейін өз ісіне немқұрайды қараған олар бүгін Аңсардың өмірін жалмаған талды кесіп кетті. Тек жауапты компания жағдайға жұрттың өзін кінәлайды. Өйткені тұрғындар алдымен әкімдікке қураған ағашты кесу туралы өтініш жазуы керек екен.

Серік Ісмағамбетов, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының директоры:

- Біз тек өтініш негізінде жұмыс істейміз. Ол бірінші әкімдікке түседі. Сосын олар бізге бұйрық беруі керек. Қазір мен құлағалы тұрған ағашты көрсем де, алдымен әкімдікке ескертуге міндеттімін.

Әрі ағаш кесушілер бұл жұмысқа биыл ақша тым аз бөлінген дейді. Тіпті, әкімдік берген 1 миллион 700 мың теңге бітіп те қалған. Ал Қаскелеңде қурап, түбі кепкен ағаштар әлі де көп. Бір күні олардың да құлап, тағы біреуді мерт қылмасына еш кепілдік жоқ. Ал,тәртіп сақшылары 1 жасар баланың өлімін «жазатайым оқиға» ретінде тіркеп, қазір тексеру жүргізіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.