{metadescription}
Өмірбек Жампозовтың ұлы қылмыстық істің соңына дейін тергелуін талап етіп отыр
Өмірбек Жампозовтың ұлы қылмыстық істің соңына дейін тергелуін талап етіп отыр

Өмірбек Жампозовтың ұлы қылмыстық істің соңына дейін тергелуін талап етіп отыр

Ақмола облысында өзін өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы әкесіне қатысты қылмыстық істі оның өліміне байланысты тоқтатуға қарсы шықты. Енді сот  жалғасатын болды. Прокурор мен полицейге оқ жаудырып, кейін өзін мылтықпен атып, жан тапсырған  61 жастағы азаматтың кінәсіз екенін енді  баласы дәлелдеп шықпақ.

Асылжан Жампозов, Өмірбек Жампозовтың ұлы:

-Істің өліміне қатысты қысқартылуына келіспеймін. Әкемді толық ақтап шығамын. Өйткені ол ешқандай кінәсіз, осындай шараға мәжбүрлеткені сол кінәсіздігі әкемнің. Толық ақтап шығуға барлық күшімді саламын.

Марқұмның туыстары  40-тан астам томға арқау болған қылмыстық іспен танысу үшін судьядан бір апта уақыт сұрады. Соған байланысты  Жампозовқа қатысты сот 9-шы тамызда жалғасатын болды. Марқұм Өмірбек Жампозов «ҚазСуШарды» басқарған кезінде  су торабын жөндеуге бөлінген  620  миллион теңгені сыбайластарымен бірге жымқырды деп  айыпталған. Оның қарамағындағы бес қызметкер де сот алдында жауап беруде. Жампозов тура үкім шығатын күні  мылтықпен прокурор мен полицейге оқ жаудырып, кейін өзі атылып өлді. Қазір құқық қоғау органдарының қос қызметкері ауруханада жатыр.  Ішкі істер министрлігі  «өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі» деген бап бойынша іс қозғады. Ал Ақмола облыстық  прокуратурасы  жараланған прокурорға қатысты қызметтік  тексеру жүргізіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.