Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды
Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы марқұмдардың туыстары хабарлап отыр. 54 жастағы ұшқыш Халид Ақбердинов туған жері Қарағандыға, ал 39 жастағы шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов сол қайғылы оқиға болған Шолақай ауылында жерленген.
Автор: Асыл Әділханұлы
31.07.2017
Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде Жаркет қаласынан жеті шақырым жердегі ауылда Як 12 ұшағы апатқа ұшырады. Жүгері алқабын дәрілеуге кеткен әуе көлігі діттеген жеріне жетпей құлаған. Ұшақ лезде өртеніп, кейін жарылған. Салдарынан ондағы екі адам да түгі қалмай жанып кетті. Ұшақ «Қазавия» әуе компаиняисына тиесілі. Аталған мекеме басшылығы оқыс оқиға апат күн райының күрт ысуынан болуы мүмкін деп болжап отыр. Олар марқұмдардың туысына барлық көмекті көрсетеміз дегенмен, әлі күнге ешқандай жәрдем жасамаған. Халид Ақбердиновтің да, Мәсімжан Мәсімовтің де арттарында 5 баладан қалды. Бұл оқиға бойынша көлік прокуратурасы ұшақты пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын сақтамау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!