{metadescription}
Отарда 18 елдің әскері сайысып жатыр
Отарда 18 елдің әскері сайысып жатыр

Отарда 18 елдің әскері сайысып жатыр

Артиллериялық атыс, мергендік және ұшқышсыз ұшу аппараттары! Жамбыл облысында «Армия-2017» халықаралық әскери ойындары өтіп жатыр. Бұл жарыстың биылғы ерекшелігі – қатысушы елдердің қатары артқан. Сонымен қатар, Қазақстанның ұсынысы бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарының сайысы бірінші рет әскери ойындардың бағдарламасына кіріп отыр. «Отар» әскери базасында өтіп жатқан қарулы күштердің халықаралық додасын тілшіміз Ербол Тұрымбет көріп қайтты.

Халықаралық әскери ойындар тек бәсекелестік деңгейіндегі шара емес, әрбір қатысушы елдің әскери айбынын паш ететін тамаша мүмкіндік. Сол үшін де жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жақсы мән беріледі. Қазақстанда осымен екінші рет өткізіліп отырған халықаралық шараның басы қазақ жауынгерлерінің тарихы мен бүгінін бейнелеуден басталды.

Айта кетерлігі, былтыр қатысушылар қатары 12 ел болса, биыл 18 елден 28 команда, оның құрамында 400-дей жауынгер бақтарын сынауға келген. Одан бөлек, біздің елдің ұсынысы бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарының сайысы да жарыс бағдарламасына енгізіліпті.

Болат Жорабаев, 36814 әскери бөлімінің командирі:

- Бұл сайыста үш құрама қатысады. Ол Ресей федерациясының құрамасы, «Иллерон» ұшқышсыз ұшақ аппаратымен, Иран ислам Республикасы «Горный» ұшқышсыз ұшақ аппаратымен және біздің Қазақстанның командасы «Бозторғай» атты ұшақ аппаратымен.

Ұшақ демекші, әлемнің әр түкпірінен жиналған командалардың алдында еліміздің әуе күштерінің мүмкіндігі де паш етілді. Мәселен, көкте ойқастап жүрген, ішіне жалғыз адам сиятын басқаруға оңай мына тікұшақ таза отандық өнім.

Халықаралық «Армия – 2017» әскери ойындарының негізгі бөлігінен бөлек, мұнда ауыр техникалар да көрмеге қойылған. Мәселен, «Гвоздика» деп аталатын мына ауыр техниканың мүмкіндігі өте жоғары. Ол жаудың 15 шақырым жердегі нысанасын дәл атып түсіре алады. Осында тұрған көрмедегі бүкіл ауыр техникалардың барлығы Қазақстанның қарулы күштерінде қызмет етіп жатыр.

Әскери ойындардың сырттан келген қатысушылары әуелгі сөзін шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтудан бастап жатыр.

Брондан Симба, Зимбабве командасының командирі:

- Біз Қазақстандағы әскери жарысқа екінші рет қатысып отырмыз. Құрамымызда 21 адам бар. Олар мергендер шебі және артиллериялық атыс аталымдары бойынша сынға түседі. Мақсатымыз – жоғарғы орындардан көріну.

Халықаралық әскери ойындар биыл Қазақстаннан бөлек тағы төрт елде өтіп жатыр. Ал еліміздің жасағы бұл жолы алдыңғы орыннан көрінуді мақсат тұтып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде