{metadescription}
Міндетті медициналық сақтандыру – барлығы тегін болады деген сөз емес
Міндетті медициналық сақтандыру – барлығы тегін болады деген сөз емес

Міндетті медициналық сақтандыру – барлығы тегін болады деген сөз емес

Міндетті медициналық сақтандыру қоры жұмысының алғашқы айында 800 млн теңге түсіпті. Бүгін Денсаулық сақтау министрі мен қор басшылығы сақтандыруға ақша жинаудың алғашқы қортындысын жариялады. Шенеуніктер басы жақсы, аяғы тіпті тәтті болады деп алақан ысып отыр. Премьер, бұл іске Кіріс комитеті мен әкімдерне белсендірек қимылдап, кәсіпкерлердің сақтандыруға үзбей қаражат құюын қадағалаңдар деп пәрмен берді. Үкімет отырысынан Азамат Алдоңғаров баяндайды.

Бүгін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің ақша аудара бастағанына тура бір ай. Нәтиже жаман емес дейді, премьер-министрдің алдында есеп берген шенеуніктер.

Шілденің 27-сіне дейін 550 млн теңгеге жуық төлем түсіпті. Оның 38 пайызы жұмыс берушілерден, 62 пайызы кәсіпкерлердің аударымдары. Олар тіпті екінші жарты жылдыққа ақшаны алдын-ала аударып тастапты. Ал толық бір айда 384 мың адам үшін бас-аяғы 800 млн теңге жиналған.

Елена Бахмутова, Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы:

-Болжамдарға келетін болсақ, негізгі төлемдер тамызда түсуі тиіс. Соныдақтан келесі айда 4,5 млрд теңге табыс түседі деп үміттенеміз. Жалпы алғашқы айдың нәтижелерімен салыстырып санасақ, жыл соңына дейін 27 млрд теңге жиналу керек. 

Сақтануға алғашқы боп қам жасаған өңірлер көшін Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Алматы облыстары бастап тұр. 800 млн теңгенің тең жартысын осы төрт өңір аударыпты. Ал қалған облыстар процеске кірісе алмай, немесе кірісуге құлықсыз боп отыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Әкімдер Кіріс комитетімен бірігіп жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің қорға ақша аударуын апта сайын бақылап отырсын. Келесі мәселе жұмыссыз, мүлдем табысы жоқ топтар. Олардың сақтандырусыз қалмауы үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдермен бірігіп, жұмыспен қамтып, жүйеге кіргізу керек.

Премьер-министр жүйе іске қосылғанымен, әлі де түсініксіз жәйттар барын айтты. Мәселен, сақтандыру пакетін алған адам кез-келген қызметті өз қалауымен келіп, тегін талап ете алмайды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Егер азамат өз қалауымен тексерістен өткісі келсе, бұл қызмет сақтандыру пакетіне кірмейді. Мәселенің бәрі дәрігердің жазып берген қортындысына байланысты.

Яғни, бекітілген дәрігер қаласа сақтандыру аясында емдейді, қаламаса қосымша құн төлеуі тиіс. Осындай түйткілдер халыққа түсініксіз болып қалмасы үшін, әлі де ақпараттық жұмыс жүргізу керек деді премьер-министр.

Ал сақтандыруға ақша құюға 2019 жылдан бастап азаматтардың өздері де кіріседі. Алғашқы жылы табыстың бір пайызы, жиырмасыншы жылдан екі пайызы денсаулық салығы ретінде ұсталады. Бұған дейін жұмыс берушінің де төлемі қызметкеріне төлейтін жалақысының 5 пайызына дейін өседі. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар биылдан табысының 2 пайызынан бастап бірте-бірте жиырмасыншы жылға дейін жеті пайызды сақтандыру қорына құюға міндеттелмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде