{metadescription}
Полицейлерден қашқан мотоцикл жүргізушісі өлім аузында жатыр
Полицейлерден қашқан мотоцикл жүргізушісі өлім аузында жатыр

Полицейлерден қашқан мотоцикл жүргізушісі өлім аузында жатыр

Қызылордалық дәрігерлер бес баланың әкесінің өмірі үшін арпалысуда. Өз мотоциклімен тәртіп сақшыларынан қашқан ол, көшеде келе жатқан өзге көлікке соғылып, тағы екі жасөсіпірімнің ауыр жарақат алуына себепкер болған. Тәртіп сақшылары алғашқыда оны арнайы бас киімсіз мотоцикл тізгіндегені үшін ғана тоқтатпақ болған екен. Енді арты қайғылы аяқталып, полицейлердің өздері істі болып кетуі мүмкін. Ал олар, қашқан жігіттің сөмкесінен есірткі таптық деп ақталуда.

Тәртіп сақшыларының мотоциклді қуып келе жатқан сәті бақылау камераларына түсіп қалған. Алайда нақты жол апатының көрінісі жоқ. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жолай  жеңіл көлікке барып соғылыпты. 

Арша Ахметова, оқиға куәгері:

-Сағат сол он бір жарым, он бірден өте ғой.Бір кезде ойбайлатып перді милициялар. Ойбай ай, тағы біреуді қуды ау деп сөйдедік. Сөйтсем мынадай асфальтта бір бала жатыр екен. Аузынан қан кетіп жатыр. Басы жарылған.

Алты күннен бері облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан 32 жастағы Ердәулет Жүсіповты үйінде бес баласы күтіп отыр. Мотоцикл тізгіндеген оның сол түні тәртіп сақшыларынан неге қашқаны қазір жігіттің анасы мен жұбайы үшін жұмбақ. Дәрігерлердің де оларға айтар сүйінші хабары жоқ.

Әсел Жақсылықова, зардап шеккен жігіттің әйелі:

-Мына бес бала күнде жылайды, маған папамыз қайда, папаға берші сөйлесейін деп. Не істейтінімді  білмеймін. Біз прокуратураға бардық, арыз тастадық,  бірақ ол арызға әлі бірде бір хабар айтылмай отыр.

Ердәулеттің мотоциклі соққан жеңіл көлікте 16 және 17 жастағы  апалы-сіңлілі қыздар болған екен. Енді ол екеуі де алған жарақаттарынан әлі ұзақ емделетін көрінеді. 

Гүлмира Асанқызы, жарақат алған қыздардың анасы:

-Бірінші қызым орта сотрясение деп берді. Докторлармен сөйлесіп жатырмыз, екінші қызым қатты сотрясение алған мұрны сынған. Ерні жыртылған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша , олар жігітті алғашқыда арнайы бас киімсіз мотоцикл тізгіндегені үшін тоқтатпақ болған екен. Алайда жүргізуші бұл талапқа бағынбай жылдамдықты үдете түскен. Тек апаттан кейін заттарын тексергенде, оның неге қашқанын түсіндік деп отыр.  

Әшім Айтуғанов,  Қызылорда облыстық ІІД  Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

-Тексеру жұмыстары барысында, мотоцикл жүргізушісінің сөмкесінен есірткі құралдары анықталып, аталған дерек ҚР ҚК 296 бабы 2 бөлігімен тіркелді. Қазіргі таңда жан жақты тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің де заңдылығы да тексерілуде.  

Тек бұған Ердәулеттің туыстары келісіп отырған жоқ. Өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру үшін, ескірткіні желеу етіп отыр дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде