{metadescription}
Қазақстан Мысырға нота жолдады
Қазақстан Мысырға нота жолдады

Қазақстан Мысырға нота жолдады

Қазақстан Мысырда ұсталған студенттерге қатысты осы елге наразылық нотасын жолдады. Өйткені, еліміздің дипломаттары 12 күннен бері Каирге араб тілін үйренуге кеткен отандастарымыздың қолына не үшін кісен салынғанын анықтай алмаған. Яғни, Мысыр билігі абақтыда отырған 6 жерлесіміз жайлы ресми ақпарат беруден мүлдем бас тартуда. Қазір олармен туыстары түгілі, дипломаттар да байланыса алмай отыр. 6 студенттің ағайын-туыстары мен жауапты шенділерді Жәудір Оразхан тыңдап келді.

Біздің дипломаттар 12 күннен бері Мысырдың Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарының есігін тоздырып жүр. Елшіліктегілер күнде бірнеше келіссөз жүргізгенімен, Каирде абақтыда отырған алты студенттің не бүлдіріп қойғанын сол күйде анықтай алмапты.

Жерлестеріміз туралы ақпарат алуға тырысып, еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та мысырлық әріптесі Самех Шукриге хабарласқан екен. Ол бастапқыда көмектесеміз деп уәде бергенімен, сол күйі нәтиже жоқ. Ал кеше Қазақстанның Мысырдағы елшісі Жоғары конституциялық сот төрағасы мен президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісімен кездескен. Алайда, бұдан да түк шықпады. Сондықтан Сыртқы істер министрлігіне Мысырға наразылық нотасын жолдауға тура келген. 

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Біз Мысырдың ресми билігінен қазір Қазақстан азаматтарының мән-жайын түсіндіруін, ұсталу себептерін және Қазақстанның консулының, Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің дипломаттарына байланысуға мүмкіндік беруін батыл түрде талап етеміз.

Шетелге білім іздеп барып, абақтыдан бір-ақ шыққан жерлестеріміздің денсаулығы, жалпы жағдайы, қазір қай түрмеде екені белгісіз. Олармен байланыс мүлдем үзілген. Ал баласының  не тірі, не өлі екенінен бейхабар ата-аналар   болса, елде уайымнан қан жұтып отыр.

Ардақ Исабеков, Қанат Беріктің әкесі:

-Күннің ішінде адам баласына не істеуге болмайды. Біз соған жүрегіміз қысылып тұр. Қатты уайымдап отырмыз. Денсаулығы  өзі сыр беріп кеткен. Бір де болсын, кішкене болсын, жауап беру керек қой. Олар да адам баласы ғой, мал емес қой, қамап қойып ұстап отыратын.

Естеріңізге салсақ, араб тілін үйренемін деп Каирге барған 22-24 жас  аралығындағы 6 студент із-түссіз жоғалып кеткен еді. Кейін жерлестерімізді Мысырдың қауіпсіздіқ қызметкерлері ұстағаны белгілі болды. Олардың екеуі – Қанат Берік пен Еламан Жазылхан Алматыдағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары. Отандастарымыз Каирге шетелдік демеушілердің көмегімен кеткен екен. Есесіне қазақстандық студенттер араб тілінде жазылған бірнеше кітапты аударып беруі тиіс болған.  Олардың ұсталуына дәл сол кітаптардың  қатысы бары-жоғы белгісіз.

Енді 6 студенттің ата-анасы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің  Мысырға жолдаған нотасына үміт артып отыр. Өйткені, халықаралық дипломатиялық тәртіп бойынша, Мысыр наразылық хатқа ресми түрде жауап беруге міндетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.