{metadescription}
Ертіс жағасында қоқыс тастаушыларды прокуратура жазалайды
Ертіс жағасында қоқыс тастаушыларды прокуратура жазалайды

Ертіс жағасында қоқыс тастаушыларды прокуратура жазалайды

Павлодарлық экологтар Ертіс өзенінің жағдайы үшін алаңдаулы. Өйткені, демалушылар шомылу маусымы ашылғалы жағаны қоқыс аумағына айналдырған. Жақында еріктілермен бірге шаһар тұрғындарын жинаған олар небәрі бірнеше сағатта аумақтан 50 қап қоқыс шығарыпты. Бірақ жағажайдағы былық мұнымен бітер емес. Ертіс бойындағы бұл жайттан табиғатты қорғау прокурорлары да құлағдар. Талдау жасап жатырмыз деген құзырлы орган жақын арада тәртіп күшейеді деп сендірді. Жағажайдың мүшкіл жағдайын Әйгерім Шакаманова көріп келді.

Бұл – демалушылар көптеп келетін Усолка ықшамауданы. Ертістің жағасына жиналғандардың бірі күннің аптап ыстығынан осында саяласа, өзгелері балық аулап, табиғат аясында кәуап та пісіреді. Алайда, аумақтың бүгінгі күйі сын көтермейді. Өйткені мұнда ағылған жұрт қоқысты өзен жағасына тастауды әдетке айналдырған.

Бейбіт Қақабаев, Павлодар қаласының тұрғыны:

-Жалғыз енді балыққа ғана келем. Кейбір кезде балалармен, отбасымен келгенде прямо қорқасың, шыны, сынып жатқан бөтелкелер жатыр. Штраф салса бір-екеуіне қарап отырады міне балық ұстады, демалды.

Өзен бойының тазалығы үшін жергілікті экологтар да алаңдап отыр. Өйткені, Ертіс жағасы шомылу маусымы ашылғалы қоқыстан көз ашар емес. Еріктілермен қоса шаһар тұрғындарын қатарға қосқан табиғат жанашырлары бірнеше сағатта аумақтан 50 қап қоқыс жинап үлгеріпті. Бірақ былық мұнымен бітер емес.

Светлана Могилюк, эколог:

-Ертіс аумағы келушілердің салғырттығынан қоқысқа әбден толып кеткен. Мұндай әрекеттер үшін қатаң айыппұл салынуы тиіс емес пе? Демалған орнын өз еркімен жинамаған тұрғындар жауапқа тартылмай, жағдай өзгермейді деп ойлаймын.

Ертіс жағасының қоқыс аумағына айналғаны жайында табиғатты қорғау прокурорлары да құлағдар. Маңайдағы былықты өз көздерімен көріп жағаларын ұстаған олар енді талдау жасап, тәртіпті күшейтеміз деп отыр.

Нұрлан Опабеков,  Павлодар облыстық табиғат қорғау прокурорының міндетін атқарушы:

-Біз осы ұсыныс енгізген бойынша әкімшіліктің алдына және ішкі істер бөлімінің алдына, осындай сұрақтарды тағайындаймыз. Бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, жаңағы қосымша бейнекамера бөлініп және де қосымша полиция қызметкерлерін бөліп, осы учаскелерде патрульді жиі өткізіп, көбейту қажет.

Құзырлы орган қағаздағы жоспарлары жүзеге асса, өзен маңын ластағандарды анықтап, жауапқа тартпақ. Ал жаздың екі айында жиналған қоқыс Ертіс жағасында сол күйі шашылып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде