«Джебхат ән-Нусра» Ливан аумағынан кетті
«Джебхат ән-Нусра» Ливан аумағынан кетті. Әл-Каида тармақтарының бірі болып саналатын ірі лаңкестік ұйым шииттік «Хезболла» ұйымымен жасалған бейбіт келісім негізінде Сирияға қоныс аударды. «Ән-Нусраның» мыңнан аса жауынгері отбасын ертіп автобустарға отырып Ливанның Эрсаль аймағынан көрші елдің Флит ауданына көшті. Сондай-ақ, олардың ізіне ерген 8 мыңға тарта қарапайым тұрғын да Сирияға аттанды. Барлығы сол жақта билік әскеріне қарсы жасақтарға барып қосылмақ. Айта кетейік, «Джебхат ән-Нусра» - осы елдегі азамат соғысында аса белсенділігімен және қатарының тез ұлғаюымен көзге түскен ұйым....
Автор: Ербол Тұрымбет
03.08.2017
іресе, Сирияның оппозициялық күштері жағында Алеппо қаласы үшін қанқұйлы ұрысқа түсті. Алайда «Хезболла» олардың әскерін Эрсаль аймағында қоршап алғаннан кейін амалсыз бейбіт келісімге келуге мәжбүр болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!