Ирактың Мосул қаласына тұрғындар орала бастада
ДАИШ-тан азат етілген Ирактың Мосул қаласына тұрғындар қайта орала бастады. Ал қираған шаһарды қалпына келтіру үшін миллиард доллар қажет. Аурухана, мектеп сынды әлеуметтік нысандар жермен-жексен етілген. Тигр өзенінің үстінен салынған алып көпірлер де өртеніп кеткен. Бір кездері зәулім ғимараттар, көпқабатты үйлер тұрған қала орталығында қазір қауқиған тас қабырғалар ғана қалыпты. Мұнда баспана қылуға жарайтын ғимарат табу қиын. Ирак билігінің болжамы бойынша, Мосулды лаңкестерден азат ету барысында 40 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.08.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!