{metadescription}
Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақылы қызметке кірісті
Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақылы қызметке кірісті

Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақылы қызметке кірісті

Халыққа қызмет көрсету орталығында уақыт жоғалтқысы келмейтін азаматтар үшін ақылы менеджер қызметі пайда болды.

Яғни орталықтың маманы керекті анықтамалар жинайды, сіздің атыңыздан өтініш береді, керек болса көлігіңіздің құжаттарын да тас-түйін етіп дайындап, көрсетілген мекен-жайыңызға жібереді. Сондай-ақ ақылы қызметпен сатып алу келісім-шарттарын сенімхатсыз-ақ жасау мүмкін болып отыр. Бұл тізім алда кеңейе бермек. Азаматтар жеке менеджермен телефон немесе мессенджерлер арқылы үйден шықпай-ақ байланыспақ. Бұндай қызмет Астана мен Алматы қалалары және өңірлердің 37 офисында іске қосылды. Менеджердің қызмет ақысы істеген жұмысының күрделілігіне байланысты тағайындалады.

Ерлан Шүренов, ХҚО қызметін үйлестіру департаментінің директоры:

-Егер қаласаңыз, менеджермен телефон арқылы хабарласып, оны мекен-жайыңызға шақыртып аласыз. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығы болуы шарт емес. Мысалы офисіңіз немесе үйіңізге шыққан менеджер келісім-шарт жасайды, кассаға төлем түскен соң қызметіне кіріседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде