Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 11 миллион теңгесін санап берген
Қаржы пирамидасына алданған қазақстандықтар 11 миллион теңгесін жоғалтқан. Жиған-терген ақшасын алаяқтарға санап бергендердің саны әлі де еселеп өсуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер мәлімдеді.
Автор: Жәудір Оразхан
03.08.2017
Қазір еліміздегі қаржы пирамидаларына қатысты жаппай тексеру жүріп жатыр. Аңқау елді алдап, оңай табыс тауып жүргендерге қатысты жарты жылда 21 қылмыстық іс қозғалған және қосымша 8 қылмыс тіркеліпті. Жалпы, осындай заңсыз қаржы ұйымдарының кесірінен 11 миллион теңге шығын келген. Сондықтан, Қаржы министрлігі ел азаматтарына кім көрінгеннің үгіт-насихатына еріп, бар ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарға ұстата салуды тоқтатуға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!