{metadescription}
Каспийде қалған мұнай танкерін босатуға 36 миллион теңге керек
Каспийде қалған мұнай танкерін босатуға 36 миллион теңге керек

Каспийде қалған мұнай танкерін босатуға 36 миллион теңге керек

Каспийде қайраңда қалған мұнай танкерін босатуға 36 миллион теңге жұмсалуы мүмкін. Қызмет көрсетуші компания ондағы 130 тонна өңделген май мен 3 мың тонна мұнай қалдықтарын теңізге бір тамшы төкпей құрлыққа алып шығуы тиіс. Кемені 10 күн ішінде жағалаудан алу керектігін экологтар өткен айда айтқан болатын. Өйткені, борттағы метан көрсеткіші 51 пайызға артып кеткен. Бірақ, құзырлы органдар енді ғана іске кіріскен сыңайлы. Маңғыстау облысы басшылығы алдағы 10 күн ішінде бюджеттен қаржы бөлдірмекші. Бұл істі атқаруға бірнеше компаниядан ұсыныс түскен. Біреуі 39 миллион теңге, екіншісі 36...

ллион теңге сұрапты. Ал үшіншісі, яғни «Қазмортрансфлоттың» қызметі тіпті бұдан да қымбатқа түседі екен. Жергілікті биліктегілер осылардың ең арзанын таңдайтын шығармыз деп отыр. Айта кетсек, «Аракс» атты ресейлік алып кеме 8 айдан бері Каспий жағалауында тұрып қалған. Оған иелік еткен компания бүгінде жұмыс істемейді. Алайда танкер әлі де Ресей федерциясының меншігінде. Қазіргі уақытта оны күндіз-түні полиция қарауылдап тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде