{metadescription}
Имамдардың жалақысы жария болды
Имамдардың жалақысы жария болды

Имамдардың жалақысы жария болды

Қазақ жастарының шетелге барып, өз беттерінше діни білім алуы қауіпті! Дін істері министрі бүгін осындай ескерту жасады. Өйткені, жолдамасыз түрлі демеушілердің көмегімен шекара асып, араб тілін үйренуге кеткендердің көбі жат ағымның жетегінде жүр дейді Нұрлан Ермекбаев. Сондықтан, министр ата-аналардан ұл-қыздарына барынша сақ болуын сұрап отыр. Сондай-ақ, елімізде қажылыққа барудың тәртібі де өзгермекші. Яғни, діни туризмді ұйымдастырушы компанияларға талап қатаяды. Ал ауыл-аймақтардағы имамдардың жалақысын көтермек. Жәудір Оразхан толығырақ.

Жәудір Оразхан, тілші:

-Мысырға араб тілін үйренуге кетіп, абақтыдан бір-ақ шыққан 6 студентке қатысты оқиғадан кейін Дін істері министрінен де маза кеткен көрінеді. Бүгін Нұрлан Ермекбаев ел азаматтарына, әсіресе жастарға министрліктің жолдамасынсыз шетел асып, діни білім алу аса қауіпті деп дабыл қақты.

Тіпті министр демеушілердің көмегімен діни курс тәмамдағандарды Діни басқармаға қарасты мекемелер мен мешіттер мүлдем жұмысқа қабылдамайтынын да ескертті. Өйткені, араб тілін оқу үшін шетелге  кеткендердің көбі жат ағымды насихаттаушылардың уысына түсіп қалады екен. Ал ондай студенттер елімізге оралған соң қоғамдағы діни ахуалға  үлкен қауіп төндіреді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Абырой болғанда Мысырдағы студенттердің мәселесі жеңіл шешілді. Жалпы, өз беттерінше шетелге сауат ашуға кеткен жастар радикалды дінді уағыздаушыларға жиі алданады. Сондықтан, ата-аналар балаларға дұрыс бағыт, тәрбие берсе.

Министрліктің мәліметінше, қазір шетелде үш жүз азамат ресми түрде діни білім алуда. Жалпы, Ермекбаевтың алаңдауына негіз бар. Қазір шалғайдағы кейбір елді-мекендерде діни жағдай ушығып тұр. Ал экстремистік топ мүшелері шоғырланған аймақтарда жұмыс істейтін теологтар жоқтың қасы. Ол жерлеге жоғары білімді имамдар бармайды. Өйткені, ауылдардағы мешіттерде жалақы өте төмен.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

- Имамдардың жалақысы тікелей садақа жәшіктеріне түскен қаражатқа  байланысты болады. Мысалыға, кейбір ауылдарда мешіттерде имамдардың жалақысы 20 мың теңге. Осындай аз жалақы оның үстіне ол тұрақсыз болған жағдайда имамдар қауіпсіздікті қорғайтын күнделікті міндететрін толық шеше алмайды.

Яғни, онсыз да сауаты таяз имамдардың жұртқа түзу жол көрсетіп, уағыз айтуға шамасы жетпейді. Ондай молдалардың өздері жат ағымды ұсытанушылар мен қылмыстық топтарға тәуелді болуы мүмкін дейді министр. Енді тәжірибелі имамдарды ауыл-аймаққа тарту үшін  қайырымдылық қор құрып, жалақыны көтермек. Сондай-ақ, елімізде қажылыққа бару тәртібі де өзгереді. Министрлік діни туризмді ұйымдастырушы мекемелерге жаңа талаптар әзірлеп жатыр.  

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Діни туризмді ұйымдастырушы компаниялар қажылық парызын өтеуге ниететнген адамның денсаулығына, қауіпсіздігіне жауап беріп, діни арандатушылардың ықпалынан қорғауы тиіс. Өйткені қазір Сауд Арабиясының билігі экстремизм, радикализммен қатаң күрес жүргізуде.

Енді қажылыққа аттанған азаматтар әлемнің 8 елінде түрлі инфекцияға қарсы екпе салдыруына болады. Бұл да Сауд Арабиясының талабы.

Бұдан бөлек, Ермекбаев елімізде қайырымдылық іс жасаймын деп жөнсіз мешіт салуды да тоқтатуды ұсынды. Себебі, көптеген жаңа мешіт-медреселерге адам аяқ баспайды, бос тұр. Сондықтан министр қалталыларға мешіттің орнына қоғамға қажетті -  жол, көпір, мектеп, арухана слауға кеңес берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде