{metadescription}
Delta Bank депозитке ақша қабылдап, шот ашу лицензиясынан қағылды
Delta Bank депозитке ақша қабылдап, шот ашу лицензиясынан қағылды

Delta Bank депозитке ақша қабылдап, шот ашу лицензиясынан қағылды

Дельта банктің депозитке ақша қабылдап, шот ашуына қарашаға дейін рұқсат жоқ. Ұлттық банк бұл қаржы ұйымының лицензиясынан айыру жазасын осы уақытқа дейін ұзартты. 

Ақша аударымдарына қатысты түрлі заң бұзушылықтардан кейін Дельта банк 4-ші тамызға дейін лицензиясынан қағылған болатын. Банк сол олқылықты әлі де жоя алмаса керек. Сондықтан, шектеу 4-ші қарашаға дейін ұзартылып отыр. Алайда тыйымның бүгінге дейін ашылған депозит, шоттарға қатысы жоқ. Олар өзгеріссіз жұмыс істей бермек. Дельта банктің қорында қазір жеке және заңды тұлғалардың 86 млрд теңгеге жуық ақшасы бар екен. Бұл жалпы банк жүйесіндегі депозиттер портфелінің 0,5 пайызы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.