Теңге долларға қатысты күшейе түсті
Төл валютамыз қайтадан күш ала бастады. Аптаның басынан бері тоқтаусыз өсіп келе жатқан доллар бағамы бүгін 335 теңге болды. Күні кеше 343 теңгеге бір-ақ көтерілген АҚШ ақшасы біраз сабасына түскен. Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік саудада доллар 335 теңге 53 тиынға бағаланды. Валюта айырбастау орындарында 337 болып тұр. Ал валюта құбылысына қатты әсер ететін мұнай баррелінің әлемдік бағасы бүгін 53 долларға жуықтады. Айта кетейік, кеше доллар бағамының 343 теңгеге жетуін Ұлттық банктегілер алыпсатарлардың әрекетімен де байланыстырған еді.
03.08.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары