{metadescription}
Қарағанды билігі аң-құсты қорлап отыр
Қарағанды билігі аң-құсты қорлап отыр

Қарағанды билігі аң-құсты қорлап отыр

Қарағандыда тұрғындар «Біздің хайуанаттар бағын құтқарыңыз!» атты петицияға қол қойып, облыс әкіміне жолдамақ. Айтуларынша, қаладағы зообақтың жағдайы күн өткен сайын мүшкілденіп барады. Екі жыл бұрын ондағы қысқы ғимараттың бірі қирап, аң құс басқа жерлерге бөлініп жіберілген. Сондықтан қазір аңдар онсыз да тар жерде сығылысып жатыр екен. Оларды бағу ісінде де салғырттық байқалады дейді жұрт. 

Петицияның авторы Айнұр Қожахметова бақтағы аң-құстың жайына қатты алаңдаулы. Мұнда бас сұққан сайын олқылықтарды айтып арыздануға тырысады. Бүгін де зообақ басшылығымен жолығып, сұрағын төтесінен қойып тұр.

-Какое преступление Мишка совершил, что он сидит в клетке 2 на 2?

-Он никокого преступлени не совершил

-За что? У вас наверное условия лучше чем у него.

Айнұрдың айтуынша, Қарағанды зообағындағы жағдайды Алматы, Шымкент және Бурабайдағылармен салыстыруға келмейді. Ондағылардың тамағы тоқ, жатын орны кең. Демек, Қарағанды билігі аң-құстың қамына бас ауыртқылары келмейді дейді ол.

Айнұр Қожахметова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Әсіресе жыртқыш аңдардың тұратын жер тар. Мәселен, басқа қалаларда аюдың бассейні бар. Ал мұнда оның орнына шөп өсіп кетіпті. Тордың іші өте лас. Тізе берсе мұндай олқылықтар тым көп.   

Зообақ директоры бір ғимараттың апаты жағдайда екеніне байланысты былтырдан бері таршылық сезіліп жатқанын жасырмайды. Бірақ ол жөнделмейді екен. Сүріліп, орнына жаңасы салынуы керек деген шешім қабылданыпты.

Мәдина Әшірова, Қарағанды хайуанаттар бағының директоры:

- Бақтың аумағы 43 гектар. Оның 8-і ғана қолданыста. 35 гектары бос тұр. Жоба бойынша сол жерлер игеріледі. Бұл мәселе қала және облыс басшылығының бақылауында тұр.  

Петицияға қол қойғандар бос жерді игермеген, мәселе ушыққанша қам жасамаған қала билігіне наразы. Сондықтан құрылыстың тез арада басталуын талап етіп жатыр. 

Былтырдан бері зообақтың жаңа жобасы жасалып, қазір ол сараптамадан өтіп жатыр екен. Содан кейін ғана қаражат қарастырылады. Ал құрылыстың қашан басталып, аяқталатыны жөнінде ойлаудың өзі ерте. Сондықтан мұндағы аң атаулының тар қапаста қымтырылып қанша жататынын ешкім дөп басып айта алмайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.