{metadescription}
Жасөспірім жүк көлігінің астында қалып қайтыс болды
Жасөспірім жүк көлігінің астында қалып қайтыс болды

Жасөспірім жүк көлігінің астында қалып қайтыс болды

Павлодарда жүк көлігі 17 жастағы баланы басып, жасөспірім сол жерде тіл тартпай кетті. Қайғылы оқиға қалаға қарасты Ленин кентінде болған. Жасөспірім жол бойындағы қоршауларды орнататын компанияда нәпақасын тауып жүрген екен. Жанындағы бірнеше жұмысшымен жүк көлігінің астына кіріп тамақтанған оларды жүргізуші аңғармай қалып, жүріп кетіпті. Екі жұмысшы сыртқа шығып үлгерсе, бозбала салмағы он тоннадан асатын техниканың астында қалып қойды. Ал оны абайсызда басып кеткен жүргізуші қазір тергеліп жатыр. Полицейлер кәмелет жасына толмаған баланы еш құжатсыз жұмысқа алған компания басшысын да...

уапқа тартқызамыз деп отыр.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бірінші қылмыстық іс көлікті жүргізушіге қатысты жол ережесін бұзғаны үшін. Екінші қылмыстық іс осы қаза болған балаға жұмыс берген кәсіпорын басшысына қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.