Елді шулатқан той кортежінің қатысушылар жазаланды
Оңтүстік Қазақстан облысында құрамында тікұшақ бар той кортежінде болған көліктердің жүргізушілері жазасын алып жатыр. Ғаламторда жарияланған видео бойынша тексеру жүргізген полицейлер олардың жол ережесін өрескен бұзғанын анықтаған.Тәртіп сақшыларының айтуынша, Бентли мен екі Тойота Лэнд-крузердің жүргізушілері жол ережесін бұзып қана қоймай, мұндағы қозғалысқа бөгет жасаған. Енді олар бұл әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұдан бөлек, той серуеніне қатысқан өзге қымбат машиналардың иелері де заң алдында жауап беруі мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, той кортежімен...
Автор: Әйгерім Шакаманова
04.08.2017
рге 4-5 метр биіктікте тікұшақ ұшып жүрген бейнеролик ғаламторда жарияланып, әлеуметтік қолданушылар арасында қызу талқыға түскен болатын. Ал көліктеріне 13-ші аймаққа тиесілі нөмір таққан элиталық кортеж Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында жүріп өткен. Жас жұбайлар болса, тікұшақты жергілікті мұнай компаниясынан 275 мың теңгеге жарты сағатқа жалдап алыпты. Тойда болғандардың айтуынша, үйленген жігіт қарапайым отбасының баласы. Тек суретке түсірумен айналысады екен. Ал ғашықтарға тікұшақты жалға берген мұнай компаниясының басшылары бұл қызмет түрін қосымша табыс табу үшін жуырда ғана аштық дейді. Оған тіпті арнайы рұқсаттары да бар екен. Қазір республикалық маңызы бар тасжолдың үстінен тікұшақтың ұшуы қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында құзырлы органдарға сауал жолданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!