Қазақстанның ең қымбат қаласы анықталды
Астана азық-түлігі ең қымбат қала. Ал киім-кешек пен тұрмыстық заттар сынды түрлі тауарлардың бағасы Атырау облысында едәуір көтерілген. Әр өңірдегі баға мен инфляцияны Ranking.kz саралап шығыпты. Сонымен, ең жоғары инфляция – Павлодар облысында байқалады. Жалпы, Қазақстанда жыл басынан бері күнделікті қажетті тауарлардың бағасы 4 пайызға жуық өскен. Жеті айда азық-түлік - 5 пайызға, түрлі тауарлар – 3 жарым, ақылы қызмет көрсету - 3,3 пайызға көтерілген. Тұрмыстық заттарға қатысты қымбатшылық бойынша тізім басында Атырау облысы, кейін Қызылорда, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан және...
Автор: Жәудір Оразхан
04.08.2017
ғыс Қазақстан облыстары тұр. Ал Астанада азық-түлік бірден 6 жарым пайызға қымбаттаған. Павлодар, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстанда да ет, сүт, көкөніс бағасы шарықтап тұр. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Қостанай облыстарында қызмет көрсету құны айтарлықтай өскені байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!