Бүгін түнде ай тұтылады
Осы бір табиғат құбылысын еліміздің кез-келген бұрышынан тамашалауға болады дейді Алматыдағы Астрофизика институтының мамандары.
Автор: Берік Жұмабайұлы
07.08.2017
Айдың тұтылуы – жыл сайын болып тұратын құбылыс. Кейде 12 айда екі-үш рет қайталануы мүмкін. Ал, бұл жолғысы сирек кездеседі екен. Бүгін түнде ай шарасының сәл көмескіленгенін байқауға болады. Яғни төрттен бір бөлігі ғана тұтылады. Қолайлы ауа райына қарай бұл құбылысты ел тұрғындарының түнгі 11 жиырмадан бастап 12 жарымға дейін тамашалауына мүмкіндігі бар. Айта кетейік, осы бір керемет көріністі жарты ғаламшар анық көре алады дейді мамандар.
ВикторТейфель, В.Фесенков атындағы Астрофизика институтының Ай мен ғаламшар физикасы зертханасының жетекшісі:
-Бүгінгі болатын табиғаттың еркешке құбылысын тамашалаймын деушілерге айтарым – аспан ашық көрінетін жерге шығып, мүмкіндік болса қолдарыңызда дүрбі немесе телескоп болса анық көрінетін болады. Сирек кездесетін бұл жайтты көріп одан әсер алу тіптен тамаша. Аспан бір сағаттай сұр түске боялады. Сондықтан қапы қалмаңыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!