{metadescription}
Алматы облысында судьяның тосын қадамы тұрғындарды таңқалдырды
Алматы облысында судьяның тосын қадамы тұрғындарды таңқалдырды

Алматы облысында судьяның тосын қадамы тұрғындарды таңқалдырды

Алматы облысында көшпелі сот отырысы болды. Бақытыбай ауылы тұрғындарының базынасын судья бұл жолы өзі барып тыңдауды жөн деп шешкен. Ал бар мәселе Алматы-Талдықорған тас жолының құрылысына қатысты. Бақытыбайлықтар терезенің түбіндегі шаң мен шудан әбден мезі болдық, бізді не басқа жерге көшірсін не мүлдем құрылысты тоқтатсын деп талап етіп отыр.

Бақтыбайлықтардың жанына батқан жол мәселесі бүгін көшпелі сот отырысында қаралды. Мантия киген судья тас жолдың бойында орналасқан әр үйдің ауласына кіріп жағдайды көрді. «Сақалды құрылыстың» тұрғындарға қаншалықты қолайсыздық туғызып жатанына бағасын берді.

Уайыс Ламанукаев, Бақтыбай ауылының тұрғыны:

-Үйіме көмір кіргізу үшін жол ережесін толықтай бұзуға тура келеді. Көлік бірнеше маневр жасау керек. Кері жүріп екі жолақты кесіп өтеді. Осы кезде не қозғалыс тоқтайды. Не жоғары жылдамдықпен келе жатқан біреу соғылады. Өте ауіпті. 

Тұрғындардың бұлай шулап жүргендеріне 4 жылдан асқан. Талдықорған –Алматы тас жолының құрылысы басталғанда алпысқа жуық үй сүріліп, олардың иелеріне ақшасы төленетін болып келісілген. Бірақ жылдың басында жергілікті билік белгісіз себептермен сөзден тайғып шыға келіпті. 

Қайрат Қамали, заңгер:

-Заңға сәйкес тас жол үйлерден кемінде 50 метр қашықтыта орналасу керек. Ал бұл жерде құрылыс дәл терезенің түбінде жүріп жатыр.

Шенеуніктер болса бақтыбайлықтар шағымданудың орнына бізге алғыс айтсын дейді. Себебі, олардың үйді сүрмеңдер деген өтінішін әкімдік түсіністікпен қарап қабылдаған екен.  

Азамат Сәскебаев, Бақтыбай ауылы әкімінің міндетін атқарушы:

-Бұл жол бұрыннан бар. Мына үйлер де атам заманнан тұр. Егер жаңа болса үй мен жолдың арасын 50-100 метр жасайтын еді. Қайталап айтам, ауылдың маңынан өтетін жаңа жол болса ғана.

Тас жолдың машақатын көрген тұрғындар бұған дейін де бірнеше рет жолды жауып, өздерінің талап арызын биліктегілерге жеткізгісі келген. Бірақ құлақ асқан ешкім болмады. Енді олар шағымын заңды түрде айтты. Алайда бұл жолы да бәрі бекер. Өйткені әр ауланы қарап, тұрғындарды тыңдап шыққан судья ештеңені өзгеріссіз қалдырды. Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Талдықорған  тас жолын жасауға қазынан 7 миллиард теңге бөлінген. Жолдың басым бөлігі бітті. Тек осы Бақтыбай ауылының тұсы қалған. Енді мамандар бір айдың көлемінде бұл жерді де аяқтаймыз деп отыр. Ал шарасыз тұрғындар Жоғарғы сотқа шағымданбақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде