{metadescription}
Жалған билет жол болмайды
Жалған билет жол болмайды

Жалған билет жол болмайды

Алматының қоғамдық көліктерінде біреудің оңай картасын пайдаланатын немесе жол жүру билетінің орнына өтірік қағаз ұстап жүретін пысықай жолаушыларға қарсы рейд жүргізілуде.

Теріс бұрылған бұл келіншектің қолындағы «Оңай» картасы өзінікі емес. Ал біреудің картасын пайдалануға заңмен тыйым салынған. Тексерушілердің айтуынша, күн сайын осындай жүзге тарта заңсыз жолаушы анықталады екен. Ал билетсіз жүргендерге төрт жарым мың теңге айыппұл қарастырылған. Мұның себебі, жұрт әлі 150 теңге төлеуге үйреніспей жатқан көрінеді. Айта кетсек, тамыздың басынан бері қаладағы қоғамдық көліктерде қолма-қол жолақы төлемі 150 теңгеге көтерілген болатын. Бірақ, бұл тәртіпке мойынсұнбайтын жолаушылар қарасы көп екен. Сондықтан, тасымалдаушы компания құзырлы органдармен қосылып, бір айлық рейдті қолға алған.

Әбдіғалым Әнуаров, тасымалдаушы компанияның бақылау бөлімінің басшысы:

-Рейдті жүргізуге мәжбүр болдық. Себебі, зейнетке шығып кеткен атасының, әжесінің карталарын біздің өзіміз қатарлы жұмыс істейтін үлкен кісілер қолданып жүреді. 150 теңге төлеудің орнына олар яғни 40 теңгелік картаны алып алады да, сонымен жол ақысын төлеп, ол да заңбұзушылыққа жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде