{metadescription}
Әйгілі Ник Вуйчич дау туғызған  Қазақстанға сапары жайында мәлімдеме жасады
Әйгілі Ник Вуйчич дау туғызған  Қазақстанға сапары жайында мәлімдеме жасады

Әйгілі Ник Вуйчич дау туғызған Қазақстанға сапары жайында мәлімдеме жасады

Аяқ-қолы жоқ, туабітті тетра амелия кеселіне шалдыққан Ник Вуйчич Алматыға келмейтін болды. Бұл туралы сөзге жүйрік, тілге шешен кәсіби мотиватордың өзі мәлімдеді. Желтоқсан айында өтетін Synegry Global Forum Almaty шарасына спикер ретінде қатысады делінген Никтің өзі бүгін мұндай ақпаратты жоққа шығарды. Алайда форумның ресми сайтында австралиялық мотиватордың жарнамасы әлі де тұр. Бұған қатысты нақты ақпарат бермеген ұйымдастырушылар: «спикерлердің тізімі әлі толық жасалып біткен жоқ»,- дегенді алға тартты.

«Қол-аяғым болмаса да, адамзат баласына адаспайтын жол сілтеймін» деп дүйім жұрттың жүрегін жаулаған Ник өз көзіне өзі сене алар емес. Осыдан екі ай бұрын жарияланған жарнамасынан тіксініп қалған ол алматылықтарды алданбауға шақырды. Synegry Global Forum Almaty шарасында сөз сөйлейді делінген Вуйчич бүгін әлеуметтік желіде Қазақстанға келмейтінін айтты. Тіпті, ол ұйымдастырушыларға хабарласып, барлық жазбалардан суретін алып тастауын өтінбекші.

Ник Вуйчич, мотиватор:

-«Кей адамдардың Фейсбукте менің атымнан өтірік парақшалар ашқанын ескерткім келеді. Оқығандарыңыздың барлығына сене бермеңіздер! Өкінішке қарай, ғаламторда менің Қазақстанға баратыным, 1-2 желтоқсанда Synegry Global Forum Almaty 2017 шарасына қатысатыным жайлы жалған ақпарат бар».

Десек те есімі әлемге мәшһүр мотиватор жарнамадан түспей тұр. Әзірге оның Мәскеудегі семинарға келетіні расталып отыр. Ал Алматыдағы шараға қатысатыны не қатыспайтыны белгісіз. Анық-қанығын айтпаған ұйымдастырушылар: «келіссөздер әлі де жүргізіліп жатыр» деп қысқа қайырды.

Ирина Бабкина, тұтынушылармен жұмыс жөніндегі менеджер:

-«Біз қандай да өзгеріс болса, ғаламторға жүктеп отырамыз. Айта кету керек, спикерлердің толық тізімі әлі жасалған жоқ. Қатысушылардың саны ресми тізімнен асып түсуі де мүмкін. Ал Никке келер болсақ, ол Мәскеуде міндетті түрде болады. Алматыға бара ма, бармай ма, ол жағы белгісіз»

Бұл хабарды естіген Әйгерімнің көңілі түсіп кетті. Никтің сөздерінен шабыт алатын бойжеткен оның тренингіне барғысы келгенін айтады. Енді, міне, атақты Вуйчичті өз көзіммен көрем деген қуанышы су сепкендей басылды. Ғаламтордағы жазбаларға зер салған тұрғын алданып қалмағаныма шүкір деп отыр.

Әйгерім Шәкенова, Алматы қаласының тұрғыны:

-«Мен ол кісінің мотивациялық видеоларын кішкентай кезімнен қарайтынмын. Семинарына барғым келді, қатысқым келген. Келеді дегенде қуанышымда шек болмаған. Бірақ, бүгін ғаламтордағы жазбаларды көріп, өкініп қалдым. Билеттер сатылып жатыр екен, ал өзі келмейтінін айтуда. Мүмкін, алданып қалар едім.»

2 баласы бар Ник 12 мүшесі сау адамның өзі енжарлық танытатын  шаруаларға белсенді араласып жүр. Дене бітімінің кемістігіне қарамастан, серфингке отырып, скейтборд тебуден де тартынбайды.

Егер келіп жатса, тағдыр тауқыметіне бас имеген жігіттің семинарына қатысу құны 40 мың теңгеден басталады. Ал премиум санатындағы билеттің бағасы 1 миллион теңге. Мұндай ақша төлесеңіз, семинар барысында танымал спикермен суретке түсіп, тіпті түскі ас ішуге рұқсат беріледі. Жарнамасына сенсек, екі күндік форумға былғары қолғап шебері Майк Тайсон да қатысады екен.

Жаңа ғана белгілі болғандай, танымал мотиватор Алматыға ақыры келетін болыпты. Вуйчич, тіпті, Алматыға деген сүйінспеншілігін видео арқылы жеткізген. Ал осыған дейінгі түсініспеушілікке өзінің агентін кінәлаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде