{metadescription}
Жанайқайға жауап: Біртанов инсулин дауына соңғы нүкте қойды
Жанайқайға жауап: Біртанов инсулин дауына соңғы нүкте қойды

Жанайқайға жауап: Біртанов инсулин дауына соңғы нүкте қойды

Мыңдаған бүлдіршінді инсулин егетін тетікшесіз қалдырған дауға еліміздің бас дәрігеріне араласуға тура келді. Өткен аптада бір топ ата-ана, министрлік қант диабетімен ауыратын балаларға берілетін тегін дәріні тоқтатты деп дабыл қаққан болатын. Бүгін Елжан Біртанов мұқтаж балалардың барлығы қажетті дәрі-дәрмегін алады деп уәде етті.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

-Қазіргі жағдайда 147-ден астам бала сондай помпаға мұқтаж болып тұр. Бүкіл облыстарға жаңа тапсырма бердім, үш күннің ішінде санды келісіп, бұйрыққа өзгерістер енгіземіз деп отырмыз.

Бас дәрігер мәселені, инсулин помпасы министрліктің халықты тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасынан тыс, басы бөлек бұйрықпен сатып алынып келді деп ақталуға тырысты. Ал жанжалды өршітіп алған Фармация комитеті бұл қондырғыны сатып алу қажеттілік болмаған соң тоқтатылды деген еді. Бұл ұл-қызының өмірі осы аппаратқа қарап қалған ата-аналардың түсінбестігін туғызды. Бағыныштыларының қателігін жуып шаймақ болған министр Біртанов енді помпаны «СК Фармация» арқылы алынатынын айтты. Бір инсулин тетікшесінің құны 600 мың мен 950 мың теңге аралығында. Аппарат қандағы қант мөлшерін бақылап, ол көтерілген кезде өздігінен тамырға инсулин жібереді. Енді министрліктің уәдесі сөзбұйдаға салынып кетпесе, жазылмас кеселге шалдыққандардың ұйқысы тыныш болуы тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде