Құлдық: Бахрейннен оралған атышулы Тагина Хайтметова күйзелістен емделіп жатыр
Оңай олжа орға жықты! Бахрейнде жоғалған Тагина Хайтметова аман-есен елге оралды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
07.08.2017
Оның әкесі қызымды Бахрейнге барып өзім алып келдім деп мәлімдеді. Бірақ қызының бөтен елге қандай себеппен барғанын, кімдердің қолында болғанын айтудан бас тартты. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов, Тагинаның күйзеліске түсіп, ауыр психологиялық соққыдан төсек тартып қалғанын айтады. Құзырлы вемдомство қыз өзін Бахрейнге жұмысқа шақырған азаматтарға шағым жазса, оны елшілік арқылы шет мемлекеттің тиісті органына жолдаймыз деп отыр. Бұған дейін 24 жастағы отандасымызды белгісіз біреулер құлдықта ұстап отыруы мүмкін деген болжам айтылған болатын. Оған аталған елде жезөкшелікпен айналысуға мүжбүрленген келесі бір жерлесіміздің Тагинаның анасына жіберген хабарламасы себеп болды. Еске салсақ, астаналық Тагина Хайтметова ата-анасын ескертпей, Бахрейнге жұмыс іздеп барып, елге қайта алмай қалған-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!