{metadescription}
0:000:00
Ақмола облысында жалақы алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты

Ақмола облысында жалақы алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты

Ақмола облысында 90 жылдық тарихы бар тепловоз жөндеу депосы қаржыдан тарығып отыр. Ондағы 150 адамның жалақы көрмегеніне 4 айдың жүзі болды. Саналы ғұмырын осы локомотив депосына арнаған білікті мамандар біртіндеп  жұмыстан кете бастаған. Бұл жағдай кәсіпорынның жеке қолға өтуімен байланысты дейді жұмысшылар. Қаңтар айында оны «Рауан-Бурабай» компаниясы сатып алған екен. Ісі алға баспай тұрған компания басшылары да қарызға шаш етектен батқандарын айтады.

Тепловоздардың әр тетігін жөндеумен айналысатын мына жұмысшылар 4 айдан бері соқыр тиын көрмеген. Арасында бірнеше ұрпақ жалғасып, осы теміржол саласында әулетімен еңбек етіп жатқандар да бар. Сондықтан қолды бір-ақ сермеп кете алмаймыз дейді олар. Бірақ еткен еңбегіңнің өтеуін айлап көрмегендіктен, қиналып кеткен. Қазір кәсіпорындағы 150 жұмысшыдан 90-ы ғана қалыпты.

Ғалия Бектемірова, депо жұмысшысы:

-Маусым айында еңбек демалысына шықтым. Ақшасын әлі алғаным жоқ.

Биыл Щучьедегі бұл локомотив депосының жұмыс істей бастағанына 90 жыл болады. Мұндағы жұмысшылар депоны жекеменшік компания сатып алғанда, дәл осындай қиыншылық болады деп ойламаған. 

Николай Кузнецов, слесарь:

-Біз солтүстік өңірдегі теміржол көліктерін түгел жөндейміз. Өйткені Қостанайда, Петропавлдың Новоишим кентінде локомотив деполары жабылып қалған. Сондықтан бізде түйткіл болмауы тиіс сияқты. Осыны түсіне алмай жүрміз.

Түйткілдің бәрі депо дәл осы жеке қолға жеке қолға өткен тұстан, яғни жыл басынан басталған. Алғашқыда бөліп бөліп алған жалақы сәуір айынан бері мүлдем тоқтапты.

Рамазан Махаев, «Рауан-Бурабай» ЖШС директоры:

-Жалақы берілмегені бұл мекеме 150 миллион теңге қарызымен алынған. Қазір сотқа арыз жазылды. Сол сот шешімімен реабилитация процедурасы басталады. Счет ашылған кезде 1 айдың ішінде жалақы беріле бастайды.

Компания басшысы кәсіпорынның бұлайша қаржы дағдарысына ұшырауына тапсырыстың азайып кетуі де себеп дейді. Сондай-ақ, бұған  теміржол саласында жаңа үлгідегі машиналардың пайда болуы да ықпал етіп отыр екен. Ал локомотив депосының жұмысы қайта жанданамын дегенше ол мықты мамандарынан айырылып қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде 60 адам жұмыстан кеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде