{metadescription}
0:000:00
Семейде қаланың қақ ортасында орналасқан су жаңа үйден өрт шықты

Семейде қаланың қақ ортасында орналасқан су жаңа үйден өрт шықты

От 5 қабатты баспананың жанынан салынып жатқан дүкенде тұтанған.

Оқиға орнына 3 арнайы техникамен жедел жеткен 11 өрт сөндірушінің тілсіз жаумен 3 сағат бойы арпалысуына тура келді. Өйткені лезде күш алған от 40 шаршы метр аумаққа бірден тарап үлгерген. Төтеншеліктер бұған дүкенде дәнекерлеу жұмысын жүргізген азаматтың салақтығы себеп болғанын алға тартуда. Айтуларынша, ол жұмысын атқару барысында ұшқан шоқты сөндірмей кетіп қалған. Сол үшін дәнекерлеуші 6 мың 800 теңге ғана айыппұл арқалайды. Ал, үйдің күлге айналған заттарын дүкеннің қожайыны қалыпқа келтіруі керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде