Түркиядағы сәтсіз аяқталған төңкеріске қатысқандарды қамау жалғасып жатыр
Бұл жолы ресми Анкара тағы 35 адамды тұтқындады. Олардың қатарында «Бір күн» оппозициялық басылымының журналистері де бар. Биліктегілер төңкеріске атышулы Фетхуллах Гүленді кінәлап отыр.
Автор: Қайырбек Жәйлібекұлы
10.08.2017
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, заң қырына іліккен Гүленнің жақтастары қауіпсіз әрі дербес мобильді қосымшаны пайдаланғаны үшін ұсталған. Өйткені, Гүленмен байланысы бар үкіметтік емес ұйымның басшысы Танер Қылыштың осы бағдарламаны жүктеп алып, хабар алмасқаны белгілі болды. Алайда биліктің айғақ ретінде келтіретін дәйектері жоқ. Қазір полицейлер күдіктілердің үйін тінтіп жүр. Еске салсақ, өткен жылдың шілде айында әскерилер елде төңкеріс жасамақ болған. Алайда бүлікшілер діттегендеріне қол жеткізе алмады. Текетірес кезінде 300-ге жуық адам қаза тауып, мың жарым тұрғын жараланды. Дүрбелеңге қатысы бар делінген 9 мыңға тарта азамат ұсталған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!