{metadescription}
Пхеньян әлемге тағы да сес көрсетті
Пхеньян әлемге тағы да сес көрсетті

Пхеньян әлемге тағы да сес көрсетті

Солтүстік Корея АҚШ-тың әскери базасы орналасқан Гуам аралдарына соққы жасаймыз деп күшке мініп жатыр. Жоспар бойынша, зымырандар Жапонияның Симанэ, Хиросима және Коти префектураларынан өтіп, Гуамнан 40 шақырым жердегі мұхитқа құлауы тиіс. Осыдан сескенген Жапония қорғанысты күшейтуге кірісіп те кетті. 

Күншығыс елінің Қорғаныс министрі: «Пхеньян райынан қайтпаса, зымырандарды атып түсіреміз» деп мәлімдеді. Әрі Токио мұны арандатушылық деп бағалады. Жапондық әріптестерін ресми Сеул де қолдап отыр. Олар АҚШ-тың сарбаздарымен бірлесіп, солтүстіктегі көршілеріне соққы жасамақшы. Мұндай мәлімдемелерге қарамастан, Пхеньян өзінің зымыранға қатысты бағдарламасын белсенді түрде күшейтуде. Өткен айдың өзінде олар баллистикалық зымырандарын 2 рет сынақтан өткізіп, Біріккен Ұлттар ұйымының қатаң сынына ұшыраған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде