{metadescription}
Алматыда тау тастарға фашистік белгіні салушылар көбейген
Алматыда тау тастарға фашистік белгіні салушылар көбейген

Алматыда тау тастарға фашистік белгіні салушылар көбейген

Алматыдағы тау тастары свастикаға толып кетті. Шыңға шыққан туристер де фашистік белгіні көп жерден көріп көңілдері түскенін айтады. Ал бұл сорақы таңбаларды тастарға кімдердің салып жүргенін анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Адамдар жиі жүретін жерлердегі суретті альпинистер өшіріп, оны гүл немесе терезе қылып түзетумен әлекке түссе де азаяр емес.

Альпинизмнен спорт шебері Артем Скопин бұл белгіні 6-7 жыл бұрын байқапты. Алғашында біреудің ермегі шығар деп мән бермеген. Кейін келе осы бір көріністі жиі кездестіре бастайды. Енді міне соңғы жылдары тіпті тау басындағы мұздыққа дейін қаптап кеткенін айтып отыр.

Артем Скопин, Алматы қалалық альпинизм федерациясының президенті:

-Жүріп келе жатып басыңды көтерсең көзіңе бірден осы бір сурет түседі. Мұны «Шағын Алматы» шатқалында ғана емес, қала маңындағы барлық таулардан кездестіруге болады. Шетелден келген туристерден ұят екен. Сондықтан бұзақыларды ұстауға қоғам болып атсалысса деймін. Салып жатқан адамды ұстауға қаншама рет тырыстық. Бірақ түк шықпады.

Алматының табиғаты мен тауларын тамашалауға келген туристер де соңғы кезде фашистік белгіні жиі кездестіріп жүргендеріне қапалы. Қанша елге бардық, бірақ дәл осындай сорақы суретті көрмедік дейді.   

-Біз Ресейден келдік. Фашистік белгіні мен көп жерден кездестірдім. Анау басында қары бар таудың қасына дейін бардым. Ол жақта да бар. Маған бір ой келді. Келесі жолы бояу алып келіп, кездескен белгіні өшіремін деп түйдім.

-Мұнымен күресті күшейту керек. Осы суретті салып жүрген адамдар қандай оймен істеп жүргенін кім білсін. 

Ал полициядағылар бұл әрекеттің ұсақ бұзақылыққа жататынын айтты. Жазасы тек айыппұлмен шектеліп тұр. Бірақ бұл дерек бойынша ішкі істер органдарына ешқандай шағым түспепті.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Бұндай іс-әрекеттер заңға қайшы болып табылады. Яғни әкімшілік кодекстің 474 бабы нормаларына сәйкес ұсақ бұзақылық дерегі бойынша. 5 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл төйлейді. Егер бір жылдың ішінде осындай бұзықшылықтар қайталанатын болса онда айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады.

Яғни полициядағылар мұндай жаза қолдану үшін азаматтардың ресми түрде шағым жазуын күтіп отыр. Немесе әлеуметтік желіде шу шықса да олар әрекет ете бастайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.