{metadescription}
Астанада танымал құрылыс компаниясы жеткен жетістіктерін паш етті
Астанада танымал құрылыс компаниясы жеткен жетістіктерін паш етті

Астанада танымал құрылыс компаниясы жеткен жетістіктерін паш етті

Алдағы демалыс күндері еліміздегі құрылысшылар кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мейрам қарсаңында отандық құрылыс компаниялары жылдық жұмыстарын қорытындылауда. Мәселен, БАЗИС-А корпорациясы биыл ел имиджін қалыптастыруға үлес қосқан бірнеше нысанның құрылысын аяқтады. Компания тұрғызған ғимараттардың бірі -  AlmatyArena-да Универсиада өтті. Астана символына айналған «Бәйтеректі» қайта жөндеді. Және Елордадағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 қырлы монументті, ЕХРО-дағы павильондардың да бірқатарын БАЗИС-А салған. 

БАЗИС-А жыл сайын жүздеген мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға береді. Биыл компания Астанадағы ЕХРО-ға ерекше көңіл бөліпті. Халықаралық көрмеге көрші орналасқан  элиталық «ЕХРО плаза»  тұрғынүй кешенін салған осы компания. Мұндағы баспаналардың  өмір сүруге өте жайлы екенін ауласынан-ақ байқауға болады. Айнала жасыл желек, балалар ойнайтын аумақ, спорттық құрылғылар орнатылған.

Тұрғындар, әсіресе,  үйдің орналасқан жері, яғни, ауданына  ерекше  қызығады екен. Астаналық Болат Байниязов: «ұзақ жылдар іздеген сапалы баспананы осы «ЕХРО плаза» -дан таптым», - дейді.

Болат Байниязов, Астана қаласындағы «Expo plaza» тұрғынүй кешенінің тұрғыны:

-Үй орналасқан ауданның болашағы зор, ЭКСПОның маңында, кешеннің қабаттары да көп емес, балар үшін қауіпсіз. Қасынан жаңадан мектеп салынбақ. Баспананы көрген бойда  ұзақ ойланған жоқпыз. Бірден «ЕХРО плаза»-дан үй аламыз деп  шештік.

 

Болат  жаңа пәтеріне әлі көшіп үлгермеген. Өйткені жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Бірақ үй иесі сонда да баспанасын  көрсетті. Құрылыс компаниясы «ЕХРО плазаны»  салғанда тек сапалы құрылыс материалдарын  пайдаланыпты. Терезенің шынылары жылу сақтайды, заманауи технология қолданылған. Бұл комьюнити-орталығы бар жалғыз кешен екенін де айта кету керек. Ал үй иелерінің айтуынша,  баспана сатып аларда құрылыс компаниясының тәжірибесіне аса мән беріпті.  БАЗИС-А корпорациясы құрылыс нарығында  26 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.