{metadescription}
Тұңғыш президент қоры талантты  жастарға  қолдау көрсетті
Тұңғыш президент қоры талантты  жастарға  қолдау көрсетті

Тұңғыш президент қоры талантты жастарға қолдау көрсетті

Астанада таңдаулы IT мамандары «Method pro» жобасы аясындағы жазғы курсты тәмамдады. Еліміздегі ең талантты бағдарламашылар арнайы конкурс арқылы іріктеліп, қысқамерзімді оқуға жолдама алған болатын.  Жас мамандар екі айда ірі ұлттық компаниялар мен Бас прокуратураға жаңа жобалар әзірлепті.

Қанат Жұмабаев, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры:

-Қатысушылар өз  жобаларын «Қазпошта», «Қазатомөнеркәсіп» сынды  ірі ұлттық  компанияларға таныстырды. Жас мамандар ұсынған бағдарламалар бұл мекемелерге қажет болып шықты. Авторлары 19-20 жастағы жігіттер. Біз жас таланттарды  қолдауды әлі жалғастырамыз.

Мәселен, құқық қорғау органдары үшін  IT мамандары мобильді қосымша дайындаған. Ол қылмысты мониторинг жасауға көмектеседі. Жаңа құрылғының көмегімен тұрғындар да қаладағы қауіпсіз аудандарды біле алады. Жас бағдарламашылар жаңа веб-парақшаны ашудың жолдарын отандық ғана емес, шетелдік мамандардан да үйренді. Екі айда олар тіпті өздерінің тың идеяларын сатып та үлгерген.  Тегін курсты 100 адам тәмамдады. Оған Тұңғыш президент Қоры қолдау көрсетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде