Үкім: Петропавлда парамен ұсталған «Қазақавтожолдың» басшысы айыппұлмен құтылды
Алғанын алпыс есе қып қайтаруы тиіс! Петропавл соты бүгін «Қазақавтожолдың» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы басшысына үкім кесті. Кезінде 2 миллион теңге парамен ұсталған Асқар Жанкин енді соны 119 миллион қып айыппұл ретінде қайтаруы тиіс. Есесіне абақтыдан босап шықты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
11.08.2017
Ағайын-туыстың шапалақ ұрғаны судьяның шамына тисе керек, ол тіпті оқып тұрған үкімін тоқтатып қойып ескерту жасады. Ал олардың мұнша қуанғанына қарағанда, Асқар Жанкин айыппұлды оңай төлеп тастайтын қаржысы бар сияқты. Естеріңізге салсақ, «Қазавтожол» акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Жанкин биыл қыста 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Бұл ақшаға Жанкин Астана –Петропавл тас жолын салып жатқан мердігердің біраз былығына көз жұма қарауға уәде еткен. Соттың алғашқы отырысында- ақ бар кінәсін бірден мойындаған ол ешкімнен жауап алмай, судьядан тезірек үкім шығаруын сұраған-ды. Бұдан былай Жанкин өмір бойы мемлекеттік қызметке алынбайтын болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!