{metadescription}
Кенияда тәртіпсіздік күш алып барады
Кенияда тәртіпсіздік күш алып барады

Кенияда тәртіпсіздік күш алып барады

Бүгін шеруге шыққан оппозиция өкілдерін Біріккен Ұлттар ұйымы сабырға шақырды. Бірақ, оларды тыңдап жатқан ешкім жоқ. Президент Ухуру Кениатаның қайта сайлануына қарсы жұрттың ашуы бір сәтке басылар емес. 

Ал Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері сайлау нәтижесімен келіспегендер әділдікке сот арқылы жетсін деп мәлімдеді. Бұған дейін мұндай мәлімдемені Еуропалық және Африкалық одақ жасаған болатын. Десе де, оппозиция қарсылығын жалғастыруда. Олар Кениатаны сайлау нәтижесін бұрмалап, бейбіт тұрғындарды жазықсыз өлтірді деп айыптауда. Кениядағы көтеріліс тамыздың сегізінен басталған. Яғни, шерушілер оппозиция ұсынған кандидат жеңіліс тапқаннан кейін ашуға басқан. Қазір оларды тарату үшін полицейлер көз жасаурататын газ бен қару-жарақ қолдануда. Елдегі жағдайдан зардап шеккендер бар. Тіпті, оппозиция ондаған адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Оның біреуі 8 жасар қыз екені белгілі. Бүлдіршінге оқ тиген.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде