{metadescription}
Буркина-Фасо астанасындағы мейрамханалардың біріне жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты.
Буркина-Фасо астанасындағы мейрамханалардың біріне жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты.

Буркина-Фасо астанасындағы мейрамханалардың біріне жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты.

8-і жараланды. Жексенбі кешкі сағат ондар шамасында Түркияға тиесілі «Азиз Стамбұл»  мейрамханасына үш  азамат баса көктеп кіріп,  қонақтарға оқты қарша боратқан. 

Оқиға орнына полицейлер жеткенде қаскөйлер мен тәртіп сақшылары арасында атыс басаталған. Аймақ толықтай қоршауға алынып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Кескілескен атыс барысында екі жанкештінің көзі  жойылған. Шабуылды әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Қаскөйлердің қандай мақсатпен қан төккені де белгісіз. Африканың батысындағы бұл елдерде ислам атын жамылған бірнеше экстремистік топ бар екені белгілі. Олар 2016  жылы «Азиз Стамбұлдың «жанындағы мейрамханаға шабуыл жасап, 30 адамды өлтірген.

Муса Удраого, оқиға куәгері:

-Алғашында біз мейрамхананы тонап жатқан шығар деп ойладық. Адамдардың бәрі жан жақа қашып жатты. Қансырап-құлағандарды көргенде жағдайдың қиын екенін түсіндік. Олар біраз адамды кепілдікке алған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде